Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді. Табиғи газға қосылу шарасына Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы, аудан әкімі Ғани Рысбеков, ауыл ақсақалдары және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Түркістан газ шаруашылығының басшысы Ақиқат Абдуллаев қатысып, халықты «көгілдір отынның» келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерде ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігімен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 6 қылмыс ашылған.

admin

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ КИІМІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

admin

Шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізуде

admin