• ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ШТАБҚА 600-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС КЕЛІП ТҮСКЕН
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелері сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинақтап жатыр. Осы орайда үгіт-насихат науқаны басталғаннан сәттен бастап облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтар тарапынан 609 ұсыныс-тілек түскен.
Кандидат Қ.Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Берік Құлжановтың айтуынша, бұл ұсыныс-тілектердің 140-тан астамы әлеуметтік қамсыздандыру, 106-сы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 70-ке жуығы жұмысқа орналастыру бойынша болса, қалған басым бөлігі білім саласы, жер қатынастары, инфрақұрылымға қатысты. салаларына қатысты. Сондай-ақ халықты құжаттандыру және тіркеу, денсаулық, банктер мен өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, сот және құқық қорғау жүйесі, агроөнеркәсіптік кешенге қатысты мәселелер де келіп түсуде.
— Түркістан облысындағы 18 қоғамдық қабылдау бөлмесінің барлығында сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Атап өтсек, үгіт-насихат жұмыстары басталған сәттен осы уақытқа дейін 114 кездесу ұйымдастырылып, 500-ге жуық адам қабылдауда болды, — дейді облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Берік Құлжанов.
Атап өту қажет, азаматтар кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеке мәселемен жүгінумен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаған ұсыныстары мен тілек хаттарын https://toqaev2022.kz/kk сайтына жолдай алады немесе бейне хабарлама жүктеуіне болады. Call-орталықтың байланыс телефоны: 8 800 080 44 41.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
#TOQAEV2022