Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп, екі миллион теңгесінен айырылды

«Мемлекеттен кезексіз үй алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр.

2022 жылдың 18-қыркүйегінде, сағат 11:15-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны (азаматша) арызданған. Ол өз арызында, 6 жылдан бергі танысы «Шымкент қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша үш бөлмелі үй алып беремін» деп, 2 000 000 (екі миллион) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдады.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер, бұрын мұнай саласында жұмыс жасаған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.