Шымкентте кәсіп ашамын деп, тағы бір азаматша алданып қалды

Шымкенттің 25 жастағы тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы аламын деп, қомақты ақшасынан айырылды.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, 2021 жылдың 25-қазанында бір жылдан бергі танысы «мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаржы (грант) шығарып беремін» деп, сеніміне кіру арқылы 700 000 (жеті жүз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматша бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы орайда, полиция қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.