ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАССМЕДИАНЫҢ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРАДЫ»

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.

Министр алдымен жергілікті «Ontustik» телеарнасының жұмысымен танысып, сол жерде қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, жүргізіп отырды.

—Бүгінде министрлік бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңның жобасын әзірлеп жатыр. Онда журналистердің статусын айқындайтын, олардың құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететін және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған нормалар болады. Сондай-ақ, БАҚ-тарды субсидиялау туралы да ұсыныстар айтылып жатыр. Әрине, мұның бәрі әзірге жоба ғана. Жұмыс тобы нақтылау жұмысын жүргізіп жатыр. Содан кейін заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылады, — деді министр.

Осы орайда, Д.Қыдырәлі Шымкент қаласының еліміздегі массмедианың дамуында ерекше рөл атқаратынын, сондықтан жергілікті журналистердің заң жобасына қатысты пікірі мен ұсыныстары маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Үкімет мүшесі журналистердің сауалдарына жауап беріп, салдағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі ойларын ортаға салды.

«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.