Түркістан облысының оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Түркістан облысы Ордабасы ауданының шалғай аудандарының бітіруші сынып оқушылары үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің Бадамдағы әскери бөлімінде «ашық есік күні» өтті. Іс-шараға 100-ге жуық оқушы мен олардың алғашқы әскери дайындық оқытушылары қатысты.

 

Ашық есік күні Орадабасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Бақытжан Ташпулатовтың бастамасымен Түркістан облысы Бадам кентінде орналасқан әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінің базасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында және күзгі шақыру науқаны аясында өткізілді.

Өз кезегінде бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары капитан Олжас Ақжарбай болашақ әскерге шақырылушыларға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқу мен спортта тек жеңістерге ұмтылуды, салауатты өмір салтын ұстануды, өз елінің патриоттары мен лайықты азаматтары болуды айтып өтті.

Оқушылармен кездесу барысында әскери бөлімнің өкілдері әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, әскери кәсіптің ерекшеліктері туралы айтып, бітіруші сынып оқушыларына Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіріп, әскери мансаптың келешегі туралы айтып берді.

Оқушылар үшін казармалар мен жауынгерлік даярлық сыныптарында экскурсия өткізілді, оларға армиядағы күнделікті өмір туралы жақынырақ түсінуге және қызметке деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Әскерилер балаларға әскери құрал-жабдықтарды қалай кию керектігін көрсетіп,барлық ниет білдірушілерге атыс қаруының әртүрлі үлгілерін құру және бөлшектеу, жалпы әскери қорғаныс киімін, оқ өтпейтін жилет пен кевлардан жасалған дулығаны киіп көру мүмкіндік берді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.