• ЕЛ ИГІЛІГІН БАРЛЫҚ АДАМ БІРДЕЙ КӨРЕДІ

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері У.Рахиев пен Қ.Әділбеков үміткердің сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында Сарыағаштағы «Арман» шипажайының ұжымымен кездесті. Сенімді өкілдер алдағы жылдары кәсіпкерлер мен еңбек адамдарын қолдауға арналған тың бастамалар жүзеге асырылатынын айтып, ұжым қызметкерлерін Президент сайлауына келіп, дауыс беруге шақырды.

Сондай-ақ, Төлеби ауданындағы штаб мүшелері А.Таширов пен С.Мәмбетқұлов Көксәйек елді мекеніндегі №9 көпсалалы-техникалық колледжіне барып, студенттер мен ұстаздарға Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

— Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында «Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады. Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі» — делінген. Осы мақсатта оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылданады — деді А.Таширов.

Сонымен қатар, кездесу барысында ұстаздар ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарына жауап алды.

Ал, халықтық коалиция өкілдері Т.Қырықбаев, Т.Қаржауов, Ә.Асауов пен М.Шылмырзаев Жетсіайдағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясында өткен үгіт-насихат іс-шарасына қатысты. Жиында штаб мүшелері «Әділетті Қазақстанның» игілігін барша азамат бірдей көретінін, ауылдардың дамып, адал қызметкерлердің табысы мен мәртебесі артатынын, білім беру саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Өз кезегінде сайлаушылар да пікірлерін ортаға салып, алдағы саяси науқанға белсене атсалысатындықтарын жеткізді.

Жалпы кандидат Қ.Тоқаев штабының арнайы сайты https://toqaev2022.kz/?utm_source=turkobl&utm_medium=turkobl&utm_campaign=turkobl&utm_content=turkobl&utm_term=turkobl жұмыс істеп тұр. Онда сайлаушыларға электронды нұсқада да ұсыныс-тілек жолдауына мүмкіндік қарастырылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.