Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ӘКІМ КУБОГІ САРАПҚА ТҮСПЕК

Шым шаһарда қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған републикалық турнир басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.

Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.

 

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов турнирде сөз алып, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды балуан бабалардан үлгі алған жастарға “Күреспен қатар білім алуға, ғылым үйренуге де шақырамын, шын батырдың күші білегінде емес – жүрегінде, жаман мінезінде емес – мейірімділігінде”-деді.

Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША 10 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

admin

«Аяғы суда, өзі жаңбыр астында»: қолайсыз ауа-райындағы полицейлердің жұмысы желіде талқылануда

admin