Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

БОЗАРЫҚҚА БАҒЫТЫНА ЕКІ АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын халықпен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап келеді. Есеп беру кездесулерінде қозғалған барлық мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігінше жедел түрде шешіліп жатыр.

Мәселен, Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Бозарық тұрғын алабы мен саяжайына қатынайтын қоғамдық көліктердің мәселесі қозғалған болатын. М.Әйтенов аудан әкімдігі мен тиісті басқармаға қоғамдық көліктің бағытын әзірлеу барысында тұрғындардың талабын ескеру туралы нақты тапсырма берді.

Бүгінде қала әкімінің бұл тапсырмасы толығымен орындалған. Тиісті мекемелер зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 171 және 171А бағыттарында автобустардың жеткіліксіз екенін анықтаған. Нәтижесінде аталған бағыттардың әрқайсысына бір-бір автобустан қосылды. Қазір бұл бағыттағы қоғамдық көліктің қатынау жиілігі 18-20  минутты құрайды.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІР ТӘУЛІКТЕ COVID-19-ДЫҢ 64 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

admin

Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығында 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді

admin

Шымкент: Полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

admin