Шымкент: Жұмысқа тұрамын деп, 250 мың теңгесінен айырылды
«Қаламыздағы денсаулық сақтау мекемелерінің біріне еден жуушы етіп, жұмысқа орналастырып беремін» деп, алдын-ала сыйақы ретінде ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды.
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат «Мегаполистегі медициналық мекемелердің біріне тазалаушы (еден жуушы) ретінде жұмысқа кіргізіп беремін» деп алдын-ала 250 000 (екі жүз елу мың) теңгесін алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамай немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы – 31-де, жұмыссыз. Бұған дейін алаяқтық жасағаны қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.
Қазіргі кезде ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі