• 7 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 111 МЛН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың Кентау қаласындағы сенімді өкілдері «Интеко» ЖШС-нің еңбек ұжымымен экспромт-кездесу өткізді. Оған қатысқан штаб мүшелері мен сенімді өкілдер Қалыйма Жантөреева, Арман Басаров, Талғат Балабиев, Мақсұт Гайруллаев “Әділетті Қазақстанды” құру жолында жүзеге асатын бастамаларды жеткізді. Мемлекет бүгінде елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып отырғандығы жайлы түсіндірді.

— Мемлекет басшысы өз сайлауалды бағдарламасында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле береді. Яғни, кәсіппен айналысамын деген жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Осы арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға болады» – деді облыстық штаб өкілі Қ.Жантөреқызы.

Кездесу барысында штаб мүшелері сайлаушыларға кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары туралы жазылған үнпарақтар таратып, алдағы өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Ал, Түркістан қалсындағы сенімді өкілдері спортшылармен кездесті. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен жиында алдағы сайлаудың мән мағынасы мен маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесуге қатысқан Ғаппар Сәрсенбаев, Дидар Хамза, Бахадүр Ирсметов, Бақдаулет Тұрманов кандидаттың сайлауалды бағдарламасын кең көлемде насихаттап, жастарға берер мүмкіндіктері жайлы айтты.
Жастардың ойларын тыңдап, өз тұжырымдарын жеткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ал, Қазығұрт ауданындағы штаб мүшелері С.Рақымов ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны насихаттаған Есімхан Исақұлов, Бекболат Абуов, Нұржан Әшіров, Ертуған Буденбаев көпшілікті алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстармен таныстырып өтті.

— Мемлекеттік қызметшілер жалынды ұран мен жалаң сөзге үйір болмай, барынша өнімді әрі тиімді жұмыс істеуі талап етіліп отыр. Халыққа әдемі жоспарлардың қажеті жоқ. Жұрттың күтіп отырғаны нақты шешімдер және нәтижелі жұмыс. Сондықтан, барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктің басты міндетіне айналуы тиіс. Кандидатымыз бағдарламасында осы мәселелерге басты назар аударып отыр-деді,Б.Абуов.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт https://toqaev2022.kz/?utm_source=turkobl&utm_medium=turkobl&utm_campaign=turkobl&utm_content=turkobl&utm_term=turkobl
жөнінде ақпарат беріп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.