ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЛАРЫНАН ТӘЖІРИБЕ АЛДЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында Ұлыбритания мен Ресейден белгілі ғалым-профессорлар Холден Генри, оның шәкірті Рауан Кайыржанов, нейрогенетик Сергей Курбатовтың қатысуымен мастер-класс өткізілді. Дәрігерлер диагнозы қиын науқастармен кездесіп, әр клиникалық жағдайды жеке қарастырды. Жалпы 50-ге жуық науқас қаралды. Пациенттер қозғалыс бұзылыстары, нейробұлшықет патологиясы диагноздарымен келді.
Айта кетейік, 10-11 қарашада Шымкентте «Клиникалық неврология және психиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Алдымен жақын және алыс шетелдерден келген спикерлердің қатысуымен конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары ұйымдастырылады Бағдарлама балалар мен ересектер неврологиясы мен жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелерін қамтитын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.