МЕДИЦИНАНЫҢ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Шымкент қалалық №3 емхана ұжымымен кездесті. Тоқаевтың жақтастары Фахриддин Қаратаев, Бақытбек Смағұлов Жадыра Таңатарова, Жамалбек Жораев, Тахирбек Нишанбаев, медицина қызметкерлеріне кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Өз сөздерінде спикерлер мемлекет азаматтардың денсаулығына тікелей жауапты екендігін атап өтіп, денсаулық сақтау саласындағы сапалы өзгерістер үшін 2027 жылы қаржыландыру деңгейі ЖШӨ-нің кемінде 5% құрайтын саланы дамытудың тұрақты моделі құрылатынын айтты.


«Отандық денсаулық сақтау жүйесінің алдында қазақстандықтардың аурушаңдығын төмендету және өмір сүру ұзақтығын арттыру бойынша маңызды міндеттер тұр. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру қажет. Кәсіби кадрларды даярлау және профилактикалық жұмыс күшейтілетін болады. Цифрландырудың арқасында дәрігерлердің есептілігіндегі қағазбастылықты төмендетуге және денсаулығы туралы ақпараттың әр азаматқа толық қолжетімді болуын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Мұның барлығы кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасында толық жазылған. Алдағы жылдарда осы айтылғандар орындалсын, еліміз Әділетті қоғамға жетсін десек бірауыздан мықты басшының жанына ұйысуымыз керек», — деді өз сөзінде Фахриддин Қаратаев.
Жиын соңында спикерлер 20 қараша күнгі сайлау еліміздің келешек тағдырын айқындайтынына назар аударып, Қазақстанның 7 жылдан кейін қандай болатыны әркімнің таңдауына байланысты екендігін атап өтті. Сондықтан әрбір азамат сайлауға қатысып, лайықты таңдау жасау керек.

#ДауысберТоqaev2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.