ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕМХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындардың өтінішіне сәйкес, медициналық зертхана жұмысын халыққа қолжетімді ету жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе шұғыл назарға алынып, Келес аудандық «Абай» ауруханасының зертхана бөліміне және ауылдық аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне соңғы үлгідегі аппараттар алынды.
Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ауылдарды емдеу мекемелерімен және медициналық құрал-жабдықтармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Атап айтсақ, «Ақтөбе» ауылдық округінде 12 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған «Ақтөбе» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына соңғы үлгідегі 2 дана автоматтандырылған анализатор қойылды. Бұл құрылғылар жақын маңда орналасқан «Бозсу», «Қаратөбе», «Көкбұлақ», «Аманат», «Жүзімдік» дәрігерлік амбулаторияларында елге қызмет көрсетеді.
«Қошқар ата» ауылдық округіне қарасты Қошқар ата дәрігерлік емханасына автоматтандырылған және соңғы үлгідегі анализатор қойылды. Келес аудандық «Абай» ауруханасында орналасқан орталықтандырылған зертхана бөліміне соңғы үлгідегі гематологиялық, биохимиялық автомоттандырылған анализатор және автоматтандырылған коагулометр алынды. Қазіргі таңда орталықтандырылған Абай зертханасында осы аппараттар арқылы ауыл халқының денсаулығы тексеріліп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.