ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жолдардағы қауіпсіздік жағдайы – басты назарда. Жыл басынан бері қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғалары санының – 3,5 пайызға, олардың салдарынан қаза болғандардың саны – 7,8% пайызға төмендеген. Жол апатын азайту бойынша жасалып жатқан жұмыстар барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста баяндалды.
Түркістан облысы республикада бірінші болып жол қозғалысы
ережелерін қасақана бұзушыларды қашықтықтан анықтау үшін «ДРОН» пилотсыз ұшу аппаратын қолдана бастады. Бейнебақылау камералардың саны 100-ден 141 бірлікке дейін ұлғайтылып, облыстық маңызы бар жолдарға 26 бірлік орнатылды. Олардың көмегімен 255 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.
Патрульдік автомобильдерінде орнатылған жылдамдық режимін автоматты тіркеудің бес мобильді «Кибер-Шериф» кешені іске қосылды. Олармен 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Жыл басынан бастап полиция департаменті облыстың көше-жол желісіне 3 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 11 583 ақау анықталды, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша 3 253 нұсқама берілді (3 172 нұсқама бойынша кемшіліктер жойылды).
Түркістан облысындағы жолдарда көктайғақтың алдын алуға қажетті инертті материалдар толық аудан, қалалардағы қоймаларға тасымалданып, жинақталды. Жүзден астам арнайы техника жасақталған. Автомобиль жолдарының жай-күйін күнделікті бақылау күшейтілген. Қыс айларында автомобиль жолдарында автокөліктердің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары облыс басшылығы тарапанан қатаң бақылауда.
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.