Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Зергерлік бұйымдарды тазарту әдісі

Зергерлік бұйымдар қыздың сәнін келтіріп, сымбатына көрік береді. Алайда асыл тастарыңыз қанша бағалы болса да, кірлеп, қарайып тұрса, сәні де, салтанаты да кетеді. Сондықтан, зергерлік бұйымыңыз судай жаңа көрініп, жарқырап тұрсын десеңіз, мына тәсілді пайдаланып көруге кеңес береміз!
Ол үшін: 1 ас қасық тұз, 1 ас қасық ас содасы, 1 ас қасық ыдыс жууға арналған құрал, 1 стақан су, аллюминий фольганың 1 бөлігі қажет болады.

Микротолқынды пеште 1-2 минут суды қыздырып алыңыз. Фольганың бір бөлігін алып, стаканның түбіне салып қойыңыз. Кейін ыстық суды стақанға құйып аласыз. Содан соң 1 ас қасық тұз, ас содасын, ыдыс жууға арналған құралды суға қосыңыз. Зергерлік бұйымдарды стақанның ішіне салып, 5-10 минутқа қоя тұрыңыз. Судан алғаннан соң зергерлік бұйымдарды қоңырсалқын суда жуып алып, жұмсақ матамен жақсылап сүрту қажет.
Іске сәт!

Ұқсас жаңалықтар

Бірнеше аймақта ескерту жарияланды — Қазгидромет

admin

Үлкендерге не жетпейдi?

admin

Қадыр ақын әйелдер туралы

admin