ТАШКЕНТТЕ «ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТУРИЗМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

«Узэкспоцентр» павильонында «Жібек жолындағы Туризм» — ТХТЖ — 2022 27-ші Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Қазақстанмен қатар Франция, Жапония, Малайзия, Корея сынды әлемнің 15 елінен 76 ұйым қатысты. «TХТЖ-2022» форумына туризм саласындағы танымал мамандар, оның ішінде Өзбекстанның шетелдегі туристік брендінің елшілері, «BBC World News», «Lonely Planet», Орталық Азия елдері қауымдастықтарының және Ресей туристік ұйымдарының өкілдері, PR мамандары шақырылған.
Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесінің мақсаты — өңірдің туристік саласын қолдау және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың географиясын кеңейту. Сондай-ақ, ортақ күш-жігерді біріктіретін бүкіл Орталық Азия туризмі саласындағы ең жарқын халықаралық оқиға іс-шарасын қалыптастыру.
30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жалғасатын жәрмеңкені Өзбекстан Республикасының Туризм және мәдени мұра министрлігі мен «Ұлттық PR-Орталық» ЖБК ұйымдастырды. Ташкент ТХТЖ — 2022 халықаралық туристік жәрмеңкесі барысында 15000-нан астам келіссөздер жүргізілді. ТМД және Еуропа елдерінен 12000-нан астам қонақ тіркелген.
Халықаралық деңгейдегі осындай ауқымды іс-шараға қатысу облыс туризмін дамыту саласындағы өзгерістерге оң серпін береді. Жәрмеңке барысында Өзбекстан елі тарапының біздің өңірге инвистиция құю тұрғысында жоғары қызығушылық байқалды.
Жетекші халықаралық сарапшылармен форумдар мен сессиялар, ұлттық аспазшылардың шеберлік сыныптары, елдің мәдени мұрасын көрсететін өзбек қолөнершілерінің көрмесі, жәрмеңке тарихында тұңғыш рет жергілікті және халықаралық дизайнерлердің қатысуымен сән көрсетілімі өткізіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.