Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды

2022 жылғы 28-қараша мен 4желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7861 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3492 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 5қарақшылық – 1, бұзақылық – 1, басқа да — 1.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1289 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 331, жол ережесін бұзған – 634, одан басқа да 324 жайт анықталды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

admin

ТҮРКІСТАН: 23 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК 6 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТАНДЫ

admin

Шымкентте мешітте телефон ұрлаумен айналысып келген 25 жастағы азамат ұсталды

admin