Амангелді Айталы, қоғам қайреткері: қазақты ұлт ретінде менсінбейтін үрдіс етек алған

Қазақтардың ана тіліне алаңдайтын ерекше жағдайы бар. Біз – өз тіліміздің, мәдениетіміздің, дәстүріміздің толық иесі емеспіз. Қазақтың саны мен сапасының арасында алшақтық бар.

Атадан-балаға, баладан-немереге ұлтсыздану, тілін, мәдениетін жатырқау кең етек алды.

Бүгін тек орыс пен украиндер емес, қазақтар арасында ана тілін сыйламайтын, демек, білмейтін, қазақты ұлт ретінде менсінбейтін үрдіс етек алған.

Бөтен тілді қазақ тілінен артық білу — қазаққа қауіпті екенін енді түсіндік. Тарихи жағдайдың салдарын айтып, бүгінгі тілді ахуалды ақтағалы отырған жоқпыз. Өткен тарихтың бүгінгі ауыр салдарын айтып отырмыз. Рас, тіл мәселесі қазақ үшін қашанда өзекті тақырып болғаны белгілі. Әлі де солай.

kaz.365info.kz 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.