Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ОТАНДЫҚ ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗАУЫТ ӨНІМДЕРІН ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАМАҚ

Отандық жөргектер шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан. Жұмысы қарқынды жүріп жатқан «Capable group» кәсіпорны облыс орталығындағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында өндірісін кеңейтуді көздейді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу барысында талқыланды. Облыс басшысы инвесторларға қолайлы жағдай жасаудың жолдарын айтты. Басым бағыттар – өндірісті арттырып, жұмыс орындарын ашу.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өңірде жүзеге асқан инвестициялық жобалар саны артуда. Кездесуде инвестор өндіріс орнының дамыту мүмкіндіктерімен бөлісті. Өндіріс орнында жұмысшылардың 60%-ы –мүмкіндігі шектеулі жандар. Инвестор өз өнімдерін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін бермек.
Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді қазақстандық жөргектер «Алтын бала» және «SimboBaby» атауымен шығарылып жатыр. Жапондық және еуропалық технология қолданылады. Шикізат Түркия, Германия, Қытай және АҚШ елдерінен әкелінеді. Кәсіпорын минутына 500 дана, ай сайын 8 млн. балаларға арналған жөргек шығаруға қауқарлы. Өндіріс орны толық қуатқа шыққанда жылына 500-600 миллион дана жөргек шығаруға мүмкіндік алмақ. Сонымен бірге ересектерге арналған жөргек пен сабын шығаруды қолға алмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

admin

КЕСЕЛДІ КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЕЛ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

admin

ҚМДБ-НЫҢ ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ӨКІЛ ИМАМЫ «ИМАМҒА ҚАРСЫ КЕЛМЕҢІЗ…» ДЕГЕНІМЕН ҚАНША АДАМДЫ СОТТАТЫП, ҚАНША МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕТЕДІ…?

admin