Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік тұрғыннан тапанша тәркіленді

Шымкент қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған 31 жастағы азаматты анықтады.

 

Атап өтер болсақ, жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын тінту барысында одан 9 мм. ПМ мен 3 дана оқ-дәрі тәркіленді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

 

Сот-баллистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген қару 9 мм. атуға жарамды жауынгерлік тапанша екені нақтыланды.

 

Тәртіп сақшылары бұл фактіні СДТБТ-не ҚР ҚК-тің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді.

 

Бүгінгі күні қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT»: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС АЯҚТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АЛҚАПҚА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ЖОЛДАР САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin