Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІССАПАРЫМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Арыс қаласына іс-сапармен келіп, қала халқымен кездесті.
Кездесуге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қалалық мәслихат төрағасы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, ауылдық округтердің әкімдері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және жастар өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында сенаторлар негізінен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баса назар аударды, сондай-ақ жоғарғы палатаның өткен жылғы жұмыс қорытындысына тоқталып, қабылданған заңдардың маңызы туралы айтты.
Сондай-ақ “Әділетті Қазақстанды” құрудағы Президент пен Үкіметтің, Парламенттің қолға алып жатқан саяси, әлеуметтік реформаларына кеңінен тоқталды.
Негізгі баяндамалардан соң жиын сұрақ-жауап қою форматына ұласты. Арыс қаласының «Құрметі азаматы», зейнеткер Оразхан Арыстанбаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру, баға өсуінің алдын алу жайында сөз сөйледі. Бұдан бөлек, қатысушылар сенаторларға азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, оларды баспанамен қамтамасыз ету сияқты мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ ШЫРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

ANTIKOR LIVE: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН 100-ДЕН АСТАМ ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛГЕН

admin

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА ОРАЙ «TOWN HAL» ФОРМАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

admin