Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының мәжіліс залында іскер әйелдер жиыны өтті. Басқосуға кеңес мүшелері мен белсенді жас кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында Шымкент қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева 2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар кәсіпкерлік саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзара сұрақ-жауап алмасты. Сонымен қатар, алдағы уақытта болатын Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қарсаңындағы ұсыныстары мен талап-тілектерін білдірді.

Кездесу соңында Алма Архабаева жас кәсіпкерлерге алдағы жоспарлары мен жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биылғы 19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 10 КІТАП ШЫҒАРЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРЫСТАҒЫ БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАЛЫҚ ӨНДІРУДЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

admin