Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді

Ағымдағы жылдың 6-12 ақпан аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6902 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары және т.б. Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Бұдан басқа, 1197 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -206, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) — 63, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (қоғамдық орындарда тиісу)-11, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары — 729, 188 өзге де құқық бұзушылықтар.

Мегаполистің тәртіп сақшылары құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

 

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.