Шымкент: Мұғалім боламын деп, ақшасынан айырылды

«Қаламыздағы мектептердің біріне мұғалім етіп, жұмысқа орналастырып беремін» деп, алдын ала сыйақы ретінде ақшасын алып, алдап кеткен. Оқиға Шымкент қаласында орын алды.

 

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арыздарында, бейтаныс азамат «мегаполистегі орта білімді мектептердің біріне педагог ретінде жұмысқа тұрғызып беремін» деп алдын ала 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде ақшасын алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамай немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

 

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы – 38-де, жұмыссыз.

 

Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті ер адам 36 жастағы азаматшаның сеніміне кіріп, өзінің танысы арқылы қаладағы кез келген мектепке тұрақты жұмысқа тұрғызып бере алатынын айтып, айласын асырған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны толығымен өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.