Бразилияда нөсер салдарынан 36 адам мерт болды

Бразилияның Сан-Паулу штатында тропикалық циклон әсерінен туындаған нөсер салдарынан құрбан болғандар саны 36-ға дейін өсті. Бұл туралы G1 порталы штат үкіметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, өткен тәулікте Сан-Паулуға бір айлық жауын-шашын мөлшері түскен, ал ең көп зардап шеккен Сан-Себастьян мен Бертиога муниципалитеттері.

Циклонның әсерінен аймақта су тасқыны мен көшкін болып, салдарынан тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдар қираған. Сан-Паулу штатының астанасын жағалаудағы аудандармен және көршілес Рио-де-Жанейромен байланыстыратын ірі магистральдарда жол қатынасы үзілген. Жергілікті биліктің хабарлауынша, үйінділер астында әлі де ондаған адам жатыр.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда циклонның әсерінен айтарлықтай қираған бес муниципалитетте төтенше жағдай режимі жарияланған. Көптеген ауданда сумен және электрмен жабдықтау желісі істен шыққан, байланыс үзілген.

Ал табиғат апаттың салдарымен күреске жүзден астам құтқарушы жұмылдырылған. Оларға көмекке әскери авиация жіберілмекші. Сонымен қатар жергілікті билік табиғи апатқа байланысты карнавалға қатысты барлық ойын-сауық шарасын тоқтатқан.

nur.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.