ДАРХАН САТЫБАЛДЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысына арнайы келген Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму көкжиектерін талқылады. Облыс әкімі өңірдің экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және Қазақстан мен Ресей Федерациясын стратегиялық серіктестік және ортақ тарихи оқиғалар байланыстыратынын атап өткен аймақ басшысы өңірдің даму жоспарларымен бөлісті. Тарихи
– Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан күллі түркі жұртының рухани астанасы Түркістан өңірі қарқынды дамып келе жатқан еліміздегі ең көп халық тұратын өңірлер қатарында. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың бірнеше аумағында Арнайы экономикалық аймақтар орналасқан. Оның шекарасын кеңейтіп, мүмкіндігін молайтуға күш салынуда. Ауылды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу секілді Мемлекет басшысының тапсырмалары жүзеге асырылуда. Осы мақсатта бірлескен зауыт, фабрикалар ашуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Мәдени-гуманитарлық қатынастарды одан әрі дамытудың мүмкініктерін қарастыруға ашықпыз. Бұл шаралардың өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Қос тарап кездесуде тату қарым-қатынас, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің сауда және мәдени қатынастарын одан әрі дамытудың мүмкіндіктеріне тоқталды.
Ресейлік тарап Түркістан өңірінің қарқынды дамуына қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Жаңа жобалар қос мемлекеттің экономикалық және туристік мүмкіндіктерін арттырып, мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтады. Өз кезегінде Бас консул айтылған ұсыныстармен келісетінін айтып, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті.
– Түркістанды танымай қалдым. Осыдан 4 жыл бұрын келген едім, ол Түркістанмен салыстыру мүмкін емес. Дәл осы қарқынмен әрі қарай дами беріңіздер. Ислам әлемінің кіші Меккесі саналатын қасиетті Түркістан өңірінің маңыздылығы өте жоғары. Біздің бұл кездесуіміз нақты жобаларға жалғасса деген ниет бар, – деді ол.
Кеңес соңында облыс әкімі бұл кездесу екі жақты мәдени, әлеуметтік, экономикалық салалардың дамуына септігін тигізеріне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.