Шымкенттік тұрғын жоғалған ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

 Тұран ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, қала аумағында өзіне тиесілі «Iphone 12» маркалы ұялы телефонын белгісіз жағдайда жоғалтып алғанын жеткізген.

     Хабарды алған Тұран АПБ қызметкерлері бірден оқиға орнына бағыт алды. Бейнебақылау жүйелері мен қоғамдық көліктер жіті қаралды. Сақшылар жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, жоғалған ұялы телефон табылып, иесіне қайтарылды.

    Өз кезегінде, жергілікті тұрғын Шырынбай Болатұлы: «Мен ұялы телефонымды белгісіз жағдайда жоғалтып алдым, содан «102» арнасына хабарластым. Тәртіп сақшылар жедел түрде келіп, ұялы телефонымды тауып берді. Сіздердің нәтижелі жұмыстарыңызға алғысым шексіз! Қызметтеріңізге табыс тілеймін!», -деп ризашылығын жеткізді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.