Шымкентте көктемнің алғашқы күнімен әскерге шақыру науқаны басталады

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде алдағы уақытта жастарды әскерге шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары — қалалық шақыру комиссиясының төрағасы Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылдың көктемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға даярлаудың негізгі мәселелері қаралды.

 

Жергілікті әскери басқару органдары, полиция, Денсаулық сақтау басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды Қарулы Күштер, басқа да әскерлері мен әскери құралымдар қатарында әскери қызмет өткеру талқыланды. Жауапты мамандар өз қызмет бағыттары бойынша баяндамалар жасады.

Өз сөзінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың негізгі міндеті жас сарбаздармен сапалы және уақтылы толықтыру болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу бөлігіндегі жұмысына қатысты мәселелер қозғалды.

Кеңесті қорытындылай келе, қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жауапты тұлғаларды әскери қызметке шақыру барысын бақылауды күшейтуге және азаматтардың шақыру комиссиясының отырыстарына келуін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға шақырды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.