Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Алғыс айту күніне орай, Кентау қалалық «Жасыл қала» КММ-нің қызметкерлері 200-ден аса шырша көшетін отырғызды.
Қаланы көгалдандыру және жасыл желекке бөлеу мақсатында отырғызылған ағаштар қаладағы Қ.Яссауи, С.Сейфуллин даңғылдарына егілді.
Барлық тіршілік атауына нәр беретін көктем мезгілінде көгалдандыру жұмыстары қарқан алмақ. Бүгінгі күннен бастау алған бұл игі іс жалғасатын болады.
Айта кетейік, көктем айында 18 140 түп ағаш көшетін қаладағы С.Сейфуллин, Әл-Фараби, Ш.Уалиханов, Т.Рысқұлов көшелері мен А.Құнанбаев, Д.Қонаев, Қ.Яссауи даңғылдарына отырғызу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

admin

Деструктивтi ұйымдар ұлт болашағы үшiн қатерлi

admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

admin