Шымкенттіктерді ₸3 млн астам сомаға алдаған 26 жастағы азаматша ұсталды

Кездейсоқ таныстарының сеніміне кірген азаматша, жаңа кәсіп бастау және дамыту үшін оларға қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға көмегін ұсынған. Қаскөй өз «қызметтерін» 200 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін бағалаған. Бос уәдеге сенген бес азамат қызға жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам ақша берген.
Алаяқтық жайттары бойынша полицейлер бірқатар жедел іс-шаралар өткізді: жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдарының түбіртектерін тексерді. Нәтижесінде күдікті анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды. Ол 1996 жылы туған жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен тергеу жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары азаматтарға алаяқтықтан қорғану үшін, бейтаныс адамдарға сенбеуге және мемлекеттік қызметтерді тек тиісті мекемелерден алуға кеңес береді. Егер сіз қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлаңыз.
Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.