ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН АРДАГЕРГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРДІ

Шымкент қаласындағы №24 орта мектепте орналасқан №142 сайлау учаскесінде таңғы сағат жетіде бірінші тыл ардагері Өркен Әбдіреев дауыс берді. Саяси додада белсенділік танытып, өз таңдауын жасаған қарияға сыйлық табыстады.

–Әркез сайлаудан қалмауға тырысамын. Еліміздің азаматы ретінде өз ұстанымым – елмен бірге маңызды науқанға белсенді қатысу. Менің замандастарымның қатары сиреді. Өмірді көрген-түйгенім көп болғандықтан ертеңгі күн қалай болады деп алаңдаймыз. Өз таңдауымды жасадым. Барлық шымкентіктерді белсенді болуға шақырамын.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында тұрғындар 512 сайлау учаскесінде таңдау жасайды. Қаламызда белсенді дауыс беру құқығына 639 663 сайлаушы ие.

«Шымкент келбеті»

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.