Нан алуға шыққан шымкенттік велосипедінен айырылды

Полицияға велосипед ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Қайнар бұлақ шағынауданының тұрғыны сағат 18:00 шамасында нан алу үшін дүкенге барып, екі доңғалақты көлігін сыртта қараусыз қалдырған. Бірнеше минуттан соң керегін алып шыққан ер адамның темір тұлпары орнында болмаған.

Анықтаушылар бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 188-бабы «ұрлық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары іздестіру іс-шаралары барысында жақын маңайда орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні сол күні қала аумағында ұстады. Ол 20 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

Осыған ұқсас жайттарды болдырмау үшін велосипедті аз уақытқа ғана қалдырсаңыз да, бекітіп жүру ұсынылады.

 

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.