Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Жастарға кеңес» консалтинг орталығы «Айна» базарында жастарға түсіндірме жұмыстарын жалғастырды.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасын іске қосқаны белгілі. Жоба аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейуде.
Бұл жолы көшпелі кеңес Еңбекші ауданына қарасты «Айна» базарында өтті. Консалтинг орталығына келген базарға келуші жастар баспана алу немесе психологиялық көмек, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй сияқты мәселелер бойынша қажетті кеңес алды.

Бүгінгі кеңес беру жұмысына сала мамандарынан бөлек, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы қатысып, азаматтардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады.

Айта кетейік, қала тұрғындары көп шоғырланған орталықтарында сейсенбі және бейсенбі күндері жастарға тегін кеңес жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТЕ АЛАТЫН СӘУЛЕТІ ЕРЕКШЕ МЕШІТ САЛЫНУДА

admin

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ АЗАЙҒАН

admin