Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте кеден органдары жүкті ресімдеуді негізсіз созған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына (1424) кәсіпкерден Өзбекстаннан жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі әуре-сарсаңға қатысты өтініші келіп түсті.

Кеден органдары 4 күн бойы электрондық кедендік декларацияны келісу бойынша шешім қабылдамаған, ал заң бойынша мұндай шешімді қабылдау мерзімі 8 сағатты құрайды.

Шымкент қаласы бойынша Антикор қызметкерлері кеден бекетіне барып, түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша кәсіпкерге кедендік ресімдеуді келісті.

Жүк өтініш білдірген күні шекарадан өтті.

Осындай жағдайға тап болған кәсіпкерлерді Агенттіктің 1424 Call-орталығына  немесе Қазыбек би,3 мекенжайы бойынша Департаментке хабарласуды сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық та дәл сол жерде

admin

«КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» ТҮРКІСТАНДЫ КҮЙГЕ БӨЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

admin