Африка туралы қызықты деректер
* Африканың аумағына 54 ел кіреді және Батыс Сахара деп аталатын тағы бір даулы мемлекет бар.
* Еуропаның отарлауы басталғанға дейін Африканың аумағында өз тілі, дәстүрлері мен мәдениеті бар 10 000-ға жуық әртүрлі мемлекеттер мен тайпалар болған.
* Африкадағы ең көп қолданылатын тіл – араб тілі, одан кейінгі орындарда – ағылшын, суахили, француз және хауса тілдері. Жалпы, бұл құрлықтың халқы 2000 тілде сөйлейді.
* Африкандықтардың 50%-ға жуығы – 25 жастан аспағандар.
* Африка халқының 40%-ының орта білімі жоқ.
* Африкадағы Сахара шөлі – бүкіл әлемдегі ең үлкен шөл. Оның аумағы бүкіл Америка құрлығынан үлкен.
* Африка – Австралиядан кейінгі екінші құрғақ құрлық.
* Африкада 1 млн-нан астам Қытай азаматы тұрады.
* Жер бетіндегі минералды ресурстардың 30%-ы Африкада орналасқан.
* Африкадағы ең халқы тығыз орналасқан мемлекет – Нигерия. Онда 145 млн.-ға жуық адам тұрады.
* Алжир – Африкадағы ең үлкен мемлекет. Оның аумағы 2500 мың. км2.
* Ең кіші мемлекеті – Сейшель аралдарының аумағы 453 шаршы километрден сәл-ақ асады.
* Африканың ең үлкен көлі Виктория – әлемдегі суы тұщы ең ірі көл. Оның аумағы 69 490 шаршы шақырымды алып жатыр.
* Африкадағы ең танымал туристік бағыт саналатын Египетке жыл сайын 10 миллион саяхатшы келеді.
* Латын тілінен аударғанда, Африка «күнсәулелі», ал грек тілінен аударғанда «суықсыз» деген мағына береді.
* Африканың басым діні – ислам.
* Африка топырағының 90%-ы ауыл шаруашылығына жарамсыз.
* Экваторлық Гвинея – Африкадағы ең бай ел.
* Чад – әлемдегі экономикалық өсімі бойынша екінші орын алып отырған мемлекет.
* Өкінішке орай, Африкадағы ең кедей елдердің 10-ы да Африкада. Ондағы 240 миллион адам аштықтың зардабын тартып отыр.