Өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Осымен 10-шы рет өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің және ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінен құрылған командалар кіші футбол, шахмат, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.
Сайыс нәтижесінде бас жүлдені облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жеңіп алса, І орынға облыстық славян этномәдени бірлестігі ие болды. Ал, ІІ орын облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің, ІІІ орын облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.