Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ШАҺАРДА ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҮЛКЕН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЛУДА

Қаламызда елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Әсіресе, тұрғындар мен балалардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдайлар қарастырылып келеді. Мәселен, Қаратау ауданында қазіргі таңда 7 ашық спорт алаңшасы, атап айтқанда, Тұран шағын ауданында – 2, Нұртас шағынауданында – 2 спорт алаңша, Таскен тұрғын алабы, Өтеміс тұрғын алабы және Шапырашты тұрғын алабында 1 спорт алаңша жуырда тұрғындардың игілігіне берілетін болады.

Аталған спорт алаңшаларда демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға да мүмкіндік бар. Жаттығуға арналған Workout элементтері спортпен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.

Ал Әл Фараби ауданында биыл 39 аулаға балалар алаңшасы салынып, қажетті спорттық құрылғылармен қамтылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты Сәуле шағынауданында 2 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға беру жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданында өткен жылы 32 жоба тұрғындар тарапынан ұсынылып, 5 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, жеке секторда 27 кешенді спорт және балалар ойын алаңшалары құрылған болатын. Биылғы жоспарда 2 көпқабатты үй ауласы және 16 кешенді спорт және жеке секторда балалар ойын алаңшаларын құруға қажетті қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталуда.

Атап өтетін жайт, орнатылатын спорт және ойын элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорында өндірілген отандық өнімдер.

 

Ұқсас жаңалықтар

ANTIKOR.LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

АЛИК ШПЕКБАЕВ: ӘР ПАРАСАТТЫ КӘСІПКЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ШЕНЕУНІК ҚЫСЫМЫНАН ТОЛЫҚҚАНДЫ ӘРІ СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫСҚА СЕНІМ АРТА АЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК АЛҚАБЫ 1115 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

admin