ШЫМКЕНТТЕ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚАРТТАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛЫНДЫ

Қараусыз  қалған қарияларды мемлекеттің қамқорлығына алу мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты алғашқы қарттар үйі жұмысын бастады. Қала аумағында орналасқан қарттар үйі кезінде Түркістан облысының балансында қалған болатын. Жаңадан ашылған №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан қазіргі таңда 30 –ға жуық қария, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін 5 мүгедектігі бар қарт пана тапқан.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ергешбек Нұрсадық пен «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының төрағасы Кенжехан Төлебаев орталықты аралап, ондағы қазыналы қарттардың жай-күйін көріп қайтты. Қала басшылығына мемлекет қамқорлығына алынған қариялардың ерекше күтімі мен әлеуметтік-медициналық қызмет түрлерін басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова таныстырды.

Жалпы, 50 адамға арналған толық стационарлы мекемеде 40-тан астам қызметкер жұмыс істеуде. Қарияларға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени және еңбек сынды 7 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Ғимарат асхана, массаж бөлмесі, бассейн және кір жуу бөлмелерімен жабдықталған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.