ТҮРКІСТАН: МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІНЕ АРНАЛҒАН АУЫР ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысының аумағында «Тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Құны 7 млрд. теңгелік инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады деп көзделіп отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «PSI Group» ЖШС-нің өкілі Павел Беклемишев екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде жобаны бірлесе жүеге асыру қарастырылған.

Айта кетейік, аталмыш компания-инженерлік жобалау мен материалдық-техникалық жабдықтаудан бастап өнеркәсіптік объектілерді салумен айналысады. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін, энергетиканы, металдар мен мұнай мен газ саласы, нарықтың негізгі секторлары үшін металл конструкциялары мен модульдік қосалқы станцияларды дайындауға бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.