Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Асылбек Смағұлов, Мәжіліс депутаты: …олар жазаланбай құтылып кетеді.

Еліміздің аумағында көршілес елдердің мемлекеттік нөмірімен жүретін автомобиль жүргізушілері жол ережелерін жиі бұзып, жылдамдық өлшейтін құралдарға түссе де олар жазаланбай құтылып кетеді екен. Мысалы, бір автомобиль жылдамдық өлшеу құралдарына 22 рет түсіп, оған салынған айыппұлдардың көлемі жарты миллион теңгеден асып кетсе де, ешқандай жаза қолданылмаған.
Әрине, бұған аталмыш автомобильдердің Ішкі істер органдарының базасында тіркелмегені себеп.
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Әкімшілік кодекс пен басқа заңдарға көршілес елдердің мемлекеттік нөмірімен жүретін, елімізде жол ережесін жиі бұзатын көліктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен кезде оларға айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама беру туралы мүмкіндікті көздейтін өзгерістер енгізуді қажет деп санай ма?

 

Дереккөз: Baq.kz 

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас жаңалықтар

ОСЫНДАЙ БІР ОПАСЫЗ КЕЗЕҢДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ

admin

Ж.МӘКІШ, журналист: Ақтауда жаппай сүйiсуден жарыс өткiзгелi жатыр

admin

В.КОСАРЕВ, Мәжіліс депутаты: Ет пен сүттi көбiне жатыпiшер жылпос делдалдар әкетедi

admin