Бір кесе сүт

Бір күні жас бала ұстазына келіп:

Ұстаз, мен жас болғандықтан қыздарға қарамай жүре алмаймын, бұдан қалай тыйылсам екен? — деп сұрайды. Ұстазы жауап берместен, сүтке толы кесені баланың қолына ұстатып: 

Мынаны базардағы сатушыға бір тамшысын жерге төкпей апарып бер, — деп бұйырады. Сосын екінші шәкіртін шақырып: — Егер мына жігіт сүттің бір тамшысын жерге төгетін болса, оны тура сол жерде қамшыла, — дейді.

Әлгі жас жігіт ұстазының айтқанын екі етпестен, аса мұқияттылықпен, сүтті бір де бір тамшысын жерге төкпестен, базардағы кісіге апарып береді. Жаңағы жас жігіт өзінің ұстазына келген кезде ұстазы:

— Жолда неше қызды көрдің? — деп сұрайды. Жігіт: 

Мен «сүтті төгіп алсам, ұятқа қалармын, сосын мені қамшымен сабайды ғой» деген оймен сүттен басқаға қарауға мұршам болмады, — деп жауап қайырады. Сонда ұстазы:

Міне, мұсылман адамның жағдайы да осыған ұқсас. Егер Алланың бұйырғанын орындамасам, Қиямет күні Алланың алдында масқарам шығады деген үреймен жүруі керек, — деген екен.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.