Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақала

ШЫМКЕНТТЕ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына  қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі М. Әйтенов 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын  қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді.

Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген  есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жители микрорайона Ынтымак-2 в этом году будут обеспечены качественной электроэнергией

admin

Ақсақал

admin

ХҚО мамандары үшем туған көп балалы анаға көмектесті

admin