Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

МИРАС, ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

Шымкентте елдімекендерге канализациялық   желілерді тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазір Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге елдімекендерге барып, осы бағыттағы құрылыс қарқынын қадағалады. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын.

Құрылысқа 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылуда. Өндірістік кестеге сай  құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Мирас-Шапағат-2 нысанында  жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 85% аяқталған.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын назарға алып,  абоненттерді орталықтандырылған желіге қосуды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Биыл Тассай, Тұран, Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % — дан 65  % — ға артатын болады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ — ӘРБІР ЕЛ АЗАМАТЫНЫҢ ТАҢДАУЫ АСА МАҢЫЗДЫ

admin

АГЕНТТІК ӨКІЛІ, ЖАСТАРҒА: ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА

admin

ТҮРКІСТАН: ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 9 АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

admin