Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халықҚоғам

ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары қала басшысымен кездесулерде көптен бері жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қызылсай тұрғын алабындағы жол құрылысына барып, мұндағы жұмыстың жай-күйімен танысты.

Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жер жұмыстары және инженерлік желілерді қайта орнату іске асырылуда. “Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр.  Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық,”– дейді тұрғындар. Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.

Ұқсас жаңалықтар

МОНИТОРИНГ БАРЫСЫНДА КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДӘРІХАНАЛАРЫНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ШЕКТІК БАҒАДАН АСҚАНДЫҒЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІККЕ МӘН БЕРУ КЕРЕК

admin

ШЫМКЕНТТЕ 2 БАҒДАРҒА ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

admin