КОНГРЕСС ХОЛЛ ҚАЗАН АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Қаламызда салынып жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары  80%-ға аяқталған. Қала әкімі М.Әйтенов Шымсити шағынауданынында бой көтерген заманауи мәдени орталықтың құрылыс барысын қадағалады. Осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, жауаптыларға орталықтың сапасы мен мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бүгінде құрылыс жұмыстарына 250 адам жұмылдырылған. Қазір мұнда әрлеу жұмыстары басталды.Конгресс-холл  жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл қазанда пайдалануға беріледі. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда.

Заманауи ғимарат екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық  конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелер де бірінші блокта қарастырылған.

Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханалары орналастырылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.