ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК 14 ЖАСАР ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ МАКЕТІН ЖАСАП ЖҮР

Түркістан облысы Келес ауданының тумасы 14 жасар оқушы әлемнің үздің сәулет құрылыстарының макетін жасайды. Шахимардан Жақсылықұлы қолөнердің ерекше түрін жанына серік еткен. Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесый жасайтын талантты бала 9-сыныпқа көшті. Әкесі де, анасы да ауылда еңбек пәнінің мұғалімі болғандықтан оны кішкентай кезінен еңбекке баулып тәрбиелеген.

– Болашақта құрылыс инженері болғым келеді. Ағам осы мамандықта мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл мамандық құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Сондықтан маған қатты қызық. Қазір «Бәйтерек», «Биг-бэн», «Эйфель» мұнарасы сияқты ғимараттардың макетін жасадым. Үйде әкемнен көп нәрсені үйреніп жүрмін, – дейді жас қолөнерші.

Шахимардан қазіргі таңда №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде оқиды. Көп балалы отбасында өскен ол ұлдардың ортаншысы. Бала кезінен қолөнер жағына қызығып, әкесінің алдынан шықпайтын. Қолынан келмейтіні жоқ. Әкесі – қолөнер шебері, мүсінші, суретші, ағаш ұстасы, шебер. Ал анасы – қолөнер шебері, тігінші.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.