Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халықҚоғам

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ 35%-ҒА ДАЙЫН

Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта құрылыс 35%-пайызға аяқталған.  Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ КӨКПАРДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАР СҰРАНЫСЫМЕН САЛЫНЫП ЖАТҚАН СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ІСКЕР НӘЗІК ЖАНДЫЛАР – ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ МЕН АДАЛ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЖЕТЕКШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

admin