Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халықҚоғам

ТҰРАН АУДАНЫ: 9 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді.

Олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі. Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРҒА ЗАЛАЛ КЕЛТІРУДЕ

admin

Ө.ШӨКЕЕВ: «ШАРДАРАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУДЫ ТАПСЫРАМЫН»

admin

АРЫС: Ө.ШӨКЕЕВ ҚАЛАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

admin