ЖОЛДАУ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚОЛДАУ ТАПТЫ
Мемлекет Басшысының Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, мәслихат депутаты, қалалық фракция жетекшісі Қ.Имашев пен мәслихат депутаты Л.Сулайманов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кездесті.
«Ақпараттық керуен» акциясы аясында ұйымдастырылған еркін форматтағы кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, тұшымды жауаптар ала алды.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы — экономикалық және әлеуметтік дамуға серпіліс берді. Әдетте халыққа жасалған үндеуде ұзақ мерзімді мақсаттар айшықталса, бұл Жолдау нақты уақыт-мерзімі белгіленумен ерекшеленді. Қазақстан ұзақ уақыт бойы өзінің орасан зор энергетикалық ресурстарына, ең алдымен мұнай мен газға тәуелді болды. Алайда, өзгермелі жаһандық энергетикалық ландшафт жағдайында Қазақстан инновациялар мен білімнің неғұрлым жетілдірілген экономикасына қарай ойысқаны абзал. Елдегі адами әлеуетті және жоғары білікті жұмыс күшін толық пайдалану арқылы ғана ілгері жылжи аламыз. Осы орайда жастардың алдыңғы қатарда белсенді боларына сенемін, — деді Ж.Бектаева.